Мазмұнға өту
OtbasyВеб-нұсқа

Отбасының туған күндері, билеттері мен құжаттары — бір жерде

Бүкіл отбасыға ортақ күнтізбе мен құжаттар қоймасы. Рейс билеті күнтізбеде өзі пайда болады. Төлқұжаттың мерзімі бітуге жақындаса, Otbasy оны алдын ала көрсетеді.

App Store-да жақындаGoogle Play-де жақында

Веб-нұсқа телефон мен компьютердегі браузерде жұмыс істейді.

Қазір бәрі әр жерде жатыр

Билеттер — поштада, төлқұжаттар — галереяда, ал туған күндер — анамыздың есінде. Otbasy мұның бәрін бір жерге жинайды.

Билеттер

Билет күнтізбеге өзі түседі

Алматы → Стамбул рейсіне билет қосыңыз, сонда күнтізбеде ұшу пайда болады. Билет оқиғаның ішінен ашылады.

Apple Wallet файлынан (.pkpass) күні, рейсі мен орны өзі толады.

Құжаттар

Құжат мерзімі алдын ала көрінеді

Төлқұжаттар, сақтандыру, көлікке ОГПО. Мерзімнің соңы күнтізбеде өзі пайда болады, ал 120 күн қалғанда құжат «Бүгін» экранындағы «Назар аударыңыз» блогында көрінеді.

Отбасы

Бүкіл отбасы бір кодпен

Күнтізбені мүше бірден көреді, ал билеттер мен құжаттарды — сіз рұқсат бергеннен кейін.

  1. 1-қадам. Отбасы құрыңыз

    Веб-нұсқаны ашып, кіріңіз де, отбасыға ат қойыңыз, мысалы «Нұртаевтар».

  2. 2-қадам. Туыстарыңызды шақырыңыз

    Кодты немесе сілтемені WhatsApp не Telegram арқылы жіберіңіз. Код 1 сағат жарамды.

  3. 3-қадам. Құжаттарға рұқсат беріңіз

    Сенетін адамдарыңызға ғана. Қалғандары ортақ күнтізбені, тізімдер мен тапсырмаларды көреді.

Күнтізбе

Отбасы оқиғалары — телефон күнтізбесінде

Жазылымды қосыңыз, сонда отбасының барлық оқиғасы Apple немесе Google Күнтізбесінде пайда болады. Әрі қарай олар өздігінен жаңарып отырады.

Жазылым сілтемесі жеке, оны бір батырмамен өшіруге болады.

Сыйлықтар тізімі

Достарға сілтемесі бар сыйлықтар тізімі

Алғыңыз келетін сыйлықтарды жинап, сілтемені достарыңызға жіберіңіз. Олар оны тіркелусіз ашып, «Мен сыйлаймын» батырмасын басады. Кім не сыйлайтыны тосынсый болып қалады.

Шақырулар

Қонақтар жауап беретін тойға шақыру

Күнтізбедегі оқиғадан қонақтарға арналған бет жасаңыз: күні, 2GIS, Яндекс және Google батырмалары бар мекенжайы, бағдарламасы. Қонақтар WhatsApp-тағы сілтемені тіркелусіз ашып, «Келемін» немесе «Келе алмаймын» деп жауап береді. Отбасы мейрамханаға қанша орын керек екенін көреді.

Шақырулар туралы толығырақ

Otbasy-да тағы не бар

  • Сапарлар

    Билеттер, тұрғын үй мен құжаттар күндер бойынша.

  • Тапсырмалар тақтасы

    Кім не істейді және қай мерзімге дейін.

  • Тізімдер

    Сатып алынатындар және басқа тізімдер.

  • Шұғыл карточкалар

    Қан тобы, аллергия, кімге қоңырау шалу керек.

Құпиялық

Отбасы құжаттары — бөтен адамдармен бөлісетін нәрсе емес. Рұқсат былай жұмыс істейді.

  • Деректерді тек отбасы мүшелері көреді

    Күнтізбені отбасыға кодпен қосылғандардың бәрі көреді. Билеттер мен құжаттарды — отбасы иесі рұқсат бергеннен кейін ғана.

  • Құжаттар жабық қоймада сақталады

    Файл уақытша сілтеме арқылы ашылады. Ол 60 секунд жұмыс істейді, содан кейін ашылмайды.

  • Құжатты кім ашқаны көрініп тұрады

    Әр жазбаның журналы бар: файлды кім және қашан ашқаны, сақтағаны не жібергені. Журналдан жолды өшіруге болмайды.

  • Күнтізбе жазылымын өшіруге болады

    Жазылым сілтемесі жеке. Оны бір батырмамен өшірсеңіз, ол бірден жұмыс істемей қалады. Жаңасын кез келген уақытта жасауға болады.

  • Сыйлықтар тізімінің сілтемесін қайтарып алуға болады

    Сілтеме арқылы тек атауы, мереке күні, тегісіз аты және сыйлықтар көрінеді. Отбасының күнтізбесі мен құжаттары оған кірмейді. Сілтемені қайтарып алсаңыз, ол бірден жұмыс істемей қалады.

Сұрақтар

Қандай құрылғыларда жұмыс істейді?

Қазір кез келген телефон мен компьютердегі браузерде, мекенжайы app.otbasy.app. iPhone мен Android-қа арналған қосымшалар App Store мен Google Play-де кейінірек шығады.

Билеттер мен құжаттарды кім көреді?

Отбасы иесі құжаттарға рұқсат берген мүшелер ғана. Жаңа мүше алдымен күнтізбе мен тізімдерді көреді, ал билеттер мен құжаттарды — сіз рұқсат бергеннен кейін.

Құжатты отбасыдан жасыруға бола ма?

Иә. «Тек мен» деп белгілеңіз: жазбаны тек сіз және құжат иесі көресіз. Ол отбасы күнтізбесіне түспейді.

Шақыру кодының мерзімі өтіп кетсе ше?

Туыстарыңыздан жаңа код сұраңыз. Әр код 1 сағат жарамды, сондықтан кодтың ескі скриншоты ешкімге керек болмайды.

Аккаунтты қалай жоюға болады?

Қосымшада: Отбасы → Қауіпсіздік → «Аккаунтты жою». Растау коды поштаға келеді. Толығырақ — otbasy.app/kk/delete-account бетінде.

Отбасы күнтізбесінен бастаңыз

Отбасы құрып, туыстарыңызды кодпен шақырыңыз да, алғашқы туған күнді қосыңыз.

Веб-нұсқаны ашу
App Store-да жақындаGoogle Play-де жақында